MiniGo адалдық бағдарламасының пайдаланушы келісімі

2026 жылғы 9 қазандағы редакция. 2019 жылғы 8 тамыздағы редакцияны ауыстырады.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы келісім «MINISO KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН 160940025554, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 574/3 үй, 2-қабат; бұдан әрі «Ұйымдастырушы») жария офертасы болып табылады және «MiniGo» адалдық бағдарламасына (бұдан әрі «Бағдарлама») қатысу шарттарын қамтиды.

1.2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес оферта шарттарын қабылдаған жеке тұлға Бағдарламаның қатысушысы (бұдан әрі «Қатысушы») болады. Офертаны акцептеу осында баяндалған шарттармен шарт жасасуға тең.

1.3. Офертаны акцептеу «MiniGo» мобильді қосымшасында (бұдан әрі «Қосымша») тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ұялы телефон нөмірін көрсету және оны кодпен растау. Егер сіз кем дегенде бір тармақпен келіспесеңіз, тіркелмеңіз және Қосымшаны пайдаланбаңыз.

1.4. Бағдарлама 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Ұйымдастырушының шешімімен тоқтатылғанға дейін қолданылады.

1.5. Қатысушы 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлға бола алады.

2. Терминдер

2.1. «Дүкендер» — Бағдарламаға қатысатын Қазақстан Республикасының аумағындағы «MINISO» бөлшек сауда дүкендері. Дүкендердің өзекті тізімі Қосымшада жарияланады.

2.2. «Балдар» — Дүкендердегі сатып алулар үшін Қатысушының бонустық шотына есептелетін және кейінгі сатып алуларда жеңілдік алу үшін пайдаланылатын есептік бірліктер. Балдар ақша болып табылмайды, қолма-қол түрде берілмейді, ақшаға айырбасталмайды, сатылмайды, сыйға тартылмайды және басқа тұлғаға берілмейді.

2.3. «Бонустық шот» — Қосымшаның есептелген, қолжетімді және шегерілген Балдардың саны, сондай-ақ Қатысушының мәртебесі көрсетілетін бөлімі.

2.4. «Мәртебе» — Қатысушының Бағдарламадағы деңгейі, Балдарды есептеу мөлшері соған байланысты.

2.5. «Хабарлама» — Ұйымдастырушының Қатысушыға Қосымша, SMS, мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберетін, оның ішінде жарнамалық сипаттағы хабары.

3. Бағдарламаға қатысу

3.1. Қатысу үшін Қатысушы Қосымшаны орнатады, онда тіркеледі және Дүкенде сатып алу кезінде төлемге дейін кассирге Қосымшадағы QR-кодты көрсетеді.

3.2. Бір ұялы телефон нөміріне тек бір есептік жазба тіркелуі мүмкін.

3.3. Қатысушы өз телефонына және есептік жазбасына қолжетімділіктің сақталуына өзі жауап береді. Қатысушы қолжетімділікті жоғалтқаны туралы хабарлағанға дейін оның есептік жазбасы арқылы жасалған Балдармен операциялар Қатысушының өзі жасаған деп есептеледі.

3.4. Егер Қатысушы оның есептік жазбасын басқа тұлға пайдаланып жатыр деп күдіктенсе, ол бұл туралы Қосымшадағы чат арқылы немесе minigo@miniso.kz поштасына дереу хабарлайды. Мұндай хабарламаға дейін шегерілген Балдар қалпына келтірілмейді.

3.5. Қатысушы кез келген уақытта minigo@miniso.kz поштасына өтініш жіберіп, Бағдарламаға қатысуды тоқтатуға құқылы. Қатысу тоқтатылған кезде Балдар жойылады және өтелмейді.

4. Балдарды есептеу

4.1. Балдар Дүкендердегі сатып алулар үшін төлемге дейін Қосымшадағы QR-кодты көрсеткен жағдайда есептеледі. QR-код көрсетілмесе, сатып алу үшін Балдар есептелмейді және кейін есептелмейді.

4.2. Есептеу мөлшері Қатысушының Мәртебесіне байланысты:

МәртебеШартЕсептеу
GOLDтіркелу кезінде беріледісатып алу сомасының 3 %
PLATINUMайына 5 000-нан 10 000 теңгеге дейінгі сатып алуларсатып алу сомасының 4 %
DIAMONDайына 10 000 теңгеден асатын сатып алуларсатып алу сомасының 5 %

4.3. Мәртебе ай сайын, 1-күннен кешіктірілмей, өткен айдағы сатып алу сомасы бойынша қайта қаралады. Мәртебені растауға қажетті сомаға сатып алу болмаса, Ұйымдастырушы Мәртебені төмендетуге құқылы.

4.4. Есептелген Балдар сатып алудан кейін 14 күн өткен соң шегеруге қолжетімді болады.

4.5. Сатып алу ішінара Балдармен төленген кезде жаңа Балдар тек ақшамен төленген бөлігіне ғана есептеледі.

4.6. Ұйымдастырушы Балдарды арттырып есептеумен немесе жекелеген тауарларға жеңілдіктермен акциялар өткізуге құқылы. Акция шарттары Қосымшада жарияланады.

4.7. Ұйымдастырушы қандай тауарлар үшін Балдар есептелетінін біржақты тәртіппен айқындауға және өзгерістерді Қосымшада жариялай отырып, есептеу ережелерін өзгертуге құқылы.

4.8. Егер QR-код көрсетілген сатып алу үшін Балдар есептелмесе, Қатысушы 30 күн ішінде чекті сақтап, Қосымшадағы чат арқылы немесе minigo@miniso.kz поштасына чектің көшірмесімен өтініш жібереді. Чексіз немесе 30 күннен кейінгі өтініштер қаралмайды.

5. Балдарды шегеру

5.1. Балдармен төлеу үшін Қатысушы сатып алуға дейін кассирге Қосымшадағы QR-кодты көрсетеді және қанша Бал шегергісі келетінін айтады. Төлемге дейін мұндай хабарлама болмаса, жеңілдік берілмейді.

5.2. 1 Бал 1 теңге жеңілдікке тең.

5.3. Балдармен чек сомасының 50 %-ынан аспайтын бөлігін төлеуге болады, қалған бөлігі ақшамен төленеді. Қолжетімді Балдар чек сомасының 50 %-ынан аз болса, Қатысушы барлық қолжетімді Балдарды шегеруге құқылы.

5.4. Балдар есептелу ретімен, ең ертелерінен бастап шегеріледі.

5.5. Балдардың қолданылу мерзімі — есептелген сәттен бастап 12 ай. Мерзім өткеннен кейін Балдар күйіп кетеді және қалпына келтірілмейді.

6. Тауарды қайтару

6.1. Тауарды қайтару кезінде Балдар қайтарылмайды. Егер сатып алу толық немесе ішінара Балдармен төленген болса, Қатысушыға тауар құнының ақшамен төленген бөлігі ғана қайтарылады. Қайтарылатын тауарды төлеу кезінде шегерілген Балдар бонустық шотқа қайтарылмайды.

6.2. Қайтарылатын тауар үшін есептелген Балдар Қатысушының бонустық шотынан шегеріледі. Егер қайтару сәтінде олар жұмсалып қойған болса, Ұйымдастырушы тиісті Балдар санын кейінгі есептеулерден шегеруге құқылы.

6.3. Тауарды қымбатырақ тауарға айырбастаған кезде бастапқы сатып алу үшін есептелген Балдар құн айырмасы ескеріле отырып қайта есептеледі.

6.4. Тауар үшін ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының бөлшек сауда ережелері бойынша жүргізіледі және Бағдарламаға байланысты емес.

7. Ұйымдастырушының құқықтары мен жауапкершілігі

7.1. Ұйымдастырушы техникалық себептермен Қосымшаның жұмысын немесе Балдармен операцияларды уақытша тоқтата тұруға құқылы.

7.2. Ұйымдастырушы Балдар қате, Қатысушының немесе үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде есептелген болса не мемлекеттік органдардың талабы бойынша оларды біржақты тәртіппен шегеруге құқылы.

7.3. Қатысушы осы келісімді бұзса, жалған деректер берсе, Ұйымдастырушы алаяқтық немесе Бағдарламаны теріс пайдалану деп бағалайтын әрекеттер жасаса немесе жасауға тырысса не тауарларды қайта сату үшін сатып алса, Ұйымдастырушы ескертусіз есептік жазбаны бұғаттауға және Балдарды жоюға құқылы.

7.4. Ұйымдастырушы Қатысушының кінәсінен немесе немқұрайлылығынан үшінші тұлғалардың Қатысушының телефонына немесе есептік жазбасына қол жеткізуінен туындаған залал үшін, сондай-ақ еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары үшін жауап бермейді.

7.5. Ұйымдастырушы Қосымшада жаңа редакцияны жариялай отырып, Бағдарлама шарттарын және осы келісімді өзгертуге құқылы. Өзгерістер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Жарияланғаннан кейін Қосымшаны пайдалануды жалғастыру өзгерістермен келісуді білдіреді.

7.6. Ұйымдастырушы Қатысушыларға Қосымша арқылы кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын хабарлап, Бағдарламаны тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы. Бағдарлама тоқтатылған сәтке дейін пайдаланылмаған Балдар жойылады және өтелмейді.

8. Қолдау қызметімен чат

8.1. Қосымшада Қатысушының өтініштеріне автоматтандырылған көмекші және қолдау қызметінің қызметкерлері жауап беретін чат қолжетімді. Көмекшінің жауаптары анықтамалық сипатта; тауарлардың бар-жоғы мен бағасы Дүкенде расталады.

8.2. Қатысушы чатқа өтінішке қатысы жоқ мәліметтерді, оның ішінде банк карталарының деректерін жібермеуге және чатты жарнама таратуға немесе қорлауға пайдаланбауға міндеттенеді. Бұл шарт бұзылған кезде Ұйымдастырушы чатқа қолжетімділікті шектеуге құқылы.

9. Хабарламалар

9.1. Қосымшада тіркеле отырып, Қатысушы Хабарламалар, оның ішінде жарнамалық сипаттағы хабарламалар алуға келіседі. Жарнамалық Хабарламалардан Қосымшаның немесе құрылғының баптауларында не minigo@miniso.kz поштасына өтініш жіберіп бас тартуға болады.

10. Дербес деректер

10.1. Қатысушының дербес деректерін өңдеу осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және Қосымшада жарияланған MiniGo құпиялылық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

11. Өзге шарттар

11.1. Бағдарламаға қатысуға байланысты салықтарды төлеу және өзге міндеттемелерді орындау Қатысушының міндеті болып табылады.

11.2. Даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша шешіледі.

11.3. Осы келісім қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Мәтіндер арасында алшақтық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басым болады.

12. Ұйымдастырушының деректемелері

«MINISO KAZAKHSTAN» ЖШС, БСН 160940025554. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 574/3 үй, 2-қабат. Электрондық пошта: minigo@miniso.kz.


Пользовательское соглашение программы лояльности MiniGo

Редакция от 9 октября 2026 года. Заменяет редакцию от 8 августа 2019 года.

1. Общие положения

1.1. Настоящее соглашение является публичной офертой Товарищества с ограниченной ответственностью «MINISO KAZAKHSTAN» (БИН 160940025554, Республика Казахстан, г. Алматы, Бостандыкский район, проспект Сейфуллина, дом 574/3, 2 этаж; далее «Организатор») и содержит условия участия в программе лояльности «MiniGo» (далее «Программа»).

1.2. В соответствии со статьёй 395 Гражданского кодекса Республики Казахстан физическое лицо, принявшее условия оферты, становится участником Программы (далее «Участник»). Акцепт оферты равносилен заключению договора на изложенных здесь условиях.

1.3. Акцептом оферты является регистрация в мобильном приложении «MiniGo» (далее «Приложение»): указание номера мобильного телефона и подтверждение его кодом. Если вы не согласны хотя бы с одним пунктом, не регистрируйтесь и не используйте Приложение.

1.4. Программа действует с 2022 года на территории Республики Казахстан до её отмены по решению Организатора.

1.5. Участником может быть дееспособное физическое лицо, достигшее 18 лет.

2. Термины

2.1. «Магазины» — розничные магазины «MINISO» на территории Республики Казахстан, участвующие в Программе. Актуальный список магазинов опубликован в Приложении.

2.2. «Баллы» — расчётные единицы, которые начисляются на бонусный счёт Участника за покупки в Магазинах и используются для получения скидки при последующих покупках. Баллы не являются деньгами, не имеют наличного выражения, не могут быть обменены на деньги, проданы, подарены или переданы другому лицу.

2.3. «Бонусный счёт» — раздел Приложения, в котором отражается количество начисленных, доступных и списанных Баллов, а также статус Участника.

2.4. «Статус» — уровень Участника в Программе, от которого зависит размер начисления Баллов.

2.5. «Уведомление» — сообщение Организатора Участнику, в том числе рекламного характера, направляемое через Приложение, по SMS, в мессенджере или на электронную почту.

3. Участие в Программе

3.1. Для участия Участник устанавливает Приложение, регистрируется в нём и при покупке в Магазине предъявляет кассиру QR-код из Приложения до оплаты.

3.2. На один номер мобильного телефона может быть зарегистрирована только одна учётная запись.

3.3. Участник самостоятельно отвечает за сохранность доступа к своему телефону и учётной записи. Операции с Баллами, совершённые с использованием учётной записи Участника до его сообщения об утрате доступа, считаются совершёнными Участником.

3.4. Если Участник подозревает, что его учётной записью пользуется другое лицо, он незамедлительно сообщает об этом Организатору через чат в Приложении или на почту minigo@miniso.kz. Баллы, списанные до такого сообщения, не восстанавливаются.

3.5. Участник вправе в любой момент прекратить участие в Программе, направив заявление на почту minigo@miniso.kz. При прекращении участия Баллы аннулируются и не компенсируются.

4. Начисление Баллов

4.1. Баллы начисляются за покупки в Магазинах при предъявлении QR-кода из Приложения до оплаты. Если QR-код не был предъявлен, Баллы за покупку не начисляются и не начисляются задним числом.

4.2. Размер начисления зависит от Статуса Участника:

СтатусУсловиеНачисление
GOLDприсваивается при регистрации3 % от суммы покупки
PLATINUMпокупки на сумму от 5 000 до 10 000 тенге за месяц4 % от суммы покупки
DIAMONDпокупки на сумму свыше 10 000 тенге за месяц5 % от суммы покупки

4.3. Статус пересматривается ежемесячно, не позднее 1 числа, по сумме покупок за предыдущий месяц. При отсутствии покупок на сумму, необходимую для подтверждения Статуса, Организатор вправе понизить Статус.

4.4. Начисленные Баллы становятся доступными для списания через 14 дней после покупки.

4.5. При оплате покупки частично Баллами новые Баллы начисляются только на часть, оплаченную деньгами.

4.6. Организатор вправе проводить акции с повышенным начислением Баллов или скидками на отдельные товары. Условия акций публикуются в Приложении.

4.7. Организатор вправе в одностороннем порядке определять, за какие товары начисляются Баллы, и изменять правила начисления, публикуя изменения в Приложении.

4.8. Если Баллы за покупку с предъявлением QR-кода не были начислены, Участник в течение 30 дней сохраняет чек и направляет обращение через чат в Приложении или на почту minigo@miniso.kz с копией чека. Обращения без чека или после 30 дней не рассматриваются.

5. Списание Баллов

5.1. Для оплаты Баллами Участник до совершения покупки предъявляет кассиру QR-код из Приложения и сообщает, сколько Баллов он хочет списать. Без такого сообщения до оплаты скидка не предоставляется.

5.2. 1 Балл равен 1 тенге скидки.

5.3. Баллами может быть оплачено не более 50 % суммы чека, остальная часть оплачивается деньгами. Если доступных Баллов меньше 50 % суммы чека, Участник вправе списать все доступные Баллы.

5.4. Баллы списываются в порядке их начисления, начиная с самых ранних.

5.5. Срок действия Баллов — 12 месяцев с момента начисления. По истечении срока Баллы сгорают и не восстанавливаются.

6. Возврат товара

6.1. При возврате товара Баллы не возвращаются. Если покупка была полностью или частично оплачена Баллами, Участнику возвращается только часть стоимости товара, оплаченная деньгами. Баллы, списанные при оплате возвращаемого товара, на бонусный счёт не возвращаются.

6.2. Баллы, начисленные за возвращаемый товар, списываются с бонусного счёта Участника. Если на момент возврата они уже потрачены, Организатор вправе списать соответствующее количество Баллов из последующих начислений.

6.3. При обмене товара на более дорогой Баллы, начисленные за первоначальную покупку, пересчитываются с учётом разницы в стоимости.

6.4. Возврат денег за товар производится по правилам розничной торговли Республики Казахстан и не зависит от Программы.

7. Права и ответственность Организатора

7.1. Организатор вправе временно приостановить работу Приложения или операции с Баллами по техническим причинам.

7.2. Организатор вправе в одностороннем порядке списать Баллы, если они были начислены ошибочно, в результате противоправных действий Участника или третьих лиц, либо по требованию государственных органов.

7.3. Организатор вправе заблокировать учётную запись и аннулировать Баллы без предупреждения, если Участник нарушает настоящее соглашение, предоставил недостоверные данные, совершает или пытается совершить действия, которые Организатор расценивает как мошенничество или злоупотребление Программой, либо приобретает товары для перепродажи.

7.4. Организатор не несёт ответственности за ущерб, возникший из-за доступа третьих лиц к телефону или учётной записи Участника по вине или небрежности Участника, а также за последствия обстоятельств непреодолимой силы.

7.5. Организатор вправе изменять условия Программы и настоящее соглашение, публикуя новую редакцию в Приложении. Изменения вступают в силу с даты публикации. Продолжение использования Приложения после публикации означает согласие с изменениями.

7.6. Организатор вправе приостановить или прекратить Программу, уведомив Участников через Приложение не менее чем за 3 календарных дня. Баллы, не использованные к моменту прекращения Программы, аннулируются и не компенсируются.

8. Чат с поддержкой

8.1. В Приложении доступен чат, в котором на обращения Участника отвечает автоматизированный помощник и сотрудники поддержки. Ответы помощника носят справочный характер; наличие и цены товаров подтверждаются в Магазине.

8.2. Участник обязуется не направлять в чат сведения, не относящиеся к обращению, в том числе данные банковских карт, и не использовать чат для рассылки рекламы или оскорблений. Организатор вправе ограничить доступ к чату при нарушении этого условия.

9. Уведомления

9.1. Регистрируясь в Приложении, Участник соглашается получать Уведомления, в том числе рекламного характера. Отказаться от рекламных Уведомлений можно в настройках Приложения или устройства, либо направив обращение на почту minigo@miniso.kz.

10. Персональные данные

10.1. Обработка персональных данных Участника осуществляется в соответствии с Политикой конфиденциальности MiniGo, которая является неотъемлемой частью настоящего соглашения и опубликована в Приложении.

11. Прочие условия

11.1. Уплата налогов и исполнение иных обязательств, связанных с участием в Программе, являются обязанностью Участника.

11.2. Споры разрешаются путём переговоров, а при недостижении согласия в соответствии с законодательством Республики Казахстан по месту нахождения Организатора.

11.3. Настоящее соглашение опубликовано на русском и казахском языках. При расхождении текстов приоритет имеет текст на русском языке.

12. Реквизиты Организатора

ТОО «MINISO KAZAKHSTAN», БИН 160940025554. Адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, Бостандыкский район, проспект Сейфуллина, дом 574/3, 2 этаж. Электронная почта: minigo@miniso.kz.